Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды

"Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды

Қаратауда кішкентай қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматтың ақыл-есі кем болуы мүмкін.

Жамбыл облысында айуандықпен өлтірілген кішкентай қыздың ісіне қатысты тың деректер шығып жатыр.
Тәртіп сақшылары бұл істі барынша құпия ұстағанымен, марқұм жеткіншектің жақындары болған жайды жасырмай жайып салды. Әрі олар Аруайды өлтірген қанішер ең ауыр жазаға кесілсін деген талап қойып отыр, деп хабарлады КТК.
Аруайдың жақындары ауыр болса да жантүршігерлік қылмыстың қалай болғанын баяндап берді. Әкесі Мұхит Қаражігітовтың айтуынша, күдікті жеткіншекті өнер мектебінен үйіне алып кеткен. Онда не болғаны әзірге белгісіз. Небәрі 45 минуттан соң өлігі шығып отыр. Ал қаскөйдің мәйіт арқалаған жүрісі сол маңдағы дүкен камерасына түсіп қалған.  
"Видеоны көрдім, қызым велосипедтің артында отыр. Сосын 45 минутта қапшықты ұстап артқа қарай өткен. Мектептің алдынан күтіп алған. Қызым момын болатын. Кішкентай қызымды білемін ғой. Оған бірдеме істеген", - дейді Мұхит Қаражігітов.
Күдікті Аруайдың әкесінің шаш алдыратын тұрақты клиенті болған. Жиі келетін кісінің жүзі таныс болғасын қаршадай қыз оған ілескен. Қаскөйдің ақыл есі кем дегенге мақұмның жақындары сенбейді. Себебі қылмысын сау адамдай сауатты жасырған дейді.
"Оның дені сау. Бәрін ойластырған. Айғақ ештеме қалмасын деп өртеп жіберген. Күртеше мен сөмкесін де таппай отыр", - дейді Аруайдың анасы Ләззат Семізбаева.
37-дегі күдікті 8 жасар қыздың киім-кешегін үйінде, мәйітін қаланың шетіне апарып өртеген. Сөйтіп, өзі түк болмағандай жоғалған қызды туыстарымен бірге іздепті. Ал кейін ұсталған соң қыз биіктен құлап өлді деп ақталған. Оның айтуынша, Аруай тауық қорадан жұмыртқа аламын деп жазым болған. Бірақ бұған ешкім сенбейді.
"Сотталып түрмеден өмір бақи шықпасын немесе ату жазасын берсін. Болмаса халықтың алдына беріп, қызымды қалай өртеді, солай өртеу керек. Не істеп қойды менің қызымды өртеп тастайтындай. Сот жабық түрде өтеді екен, мен соттың ашық түрде өткенін қалаймын", -дейді қайғыдан қан жұтқан ана.
Күдіктінің жары бар, баласы жоқ. Қазір бұл үйдің ауласына күзет қойылған. Себебі күдіктінің әйеліне қастандық жасалуы мүмкін деген қауіп бар. Үй иесі бет-жүзін көрсетуден қысылды. Оның айтуынша, күйеуі 10 жылдан бері психдиспансерде тіркеуде тұр. 27 жастағы келіншек жолдасының жазықты екеніне сенбейді.
"Осындайға баруы мүмкін емес деп ойлаймын. Ештеңе айтқан жоқ, ештеңе білдірген жоқ, мен өзім таңғалып тұрмын", - дейді ол.
Бұрын ұсақ ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті, екі айға қамауға алынды. Тәртіп сақшылары Аруай басына қатты тиген соққыдан өлген дейді. Оған зорлық жасалған, жасалмағаны әзірге айтылмады.
Еске салсақ, Қаратауда жоғалған екінші сынып оқушысының өртелген өлі денесі табылған болатын. Күдікті үш күннен кейін ұсталды. 
30 сәуір 2019 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам