"Батылдығы мен махаббатын көрсетті": 8 жасар бала көлікті айдап кеткен қылмыскерден әпкесін құтқарып қалды (видео)
АҚШ-тың Огайо штатында 8 жасар бала ұрланған көліктен қашып шығып, әпкесінің аман қалуына көмектесті.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 25 сәуірде орын алған. Нита Кобарнның қызы аяқ астынан өзін нашар сезінгендіктен, оны ауруханаға алып барыпты. Ал немерелері 8 жасар Чанс пен 10 жасар Скайлерді көлікте қалдырған. Олар көліктің артқы орындығында отырған екен. Осы кезде әйел асығып жүріп, кілтті көліктің ішінде ұмытып кетіпті.
Осыны байқаған 24 жастағы Дэлвир Сингх бірден жүргізушінің орнына отырып алып, көлікті айдап кеткен. Кобарн көліктің артынан жүгіре жөнеліп, алдыңғы есігін ашпақ болады. Алайда ер адам әйелді итеріп жіберіпті. Артынша ол Сингхтың немересін ұстап отырғанын байқап қалған.
Жүргізуші әжесіне қарап, назары ауған кезде Чанс оның қолынан әпкесін тартып алып, есіктен қашып шыққан. Олар бірден әжесіне жүгіріпті.
Оқиға куәгерлері полицияны шақырған. Тәртіп сақшылары Сингхты тұтқындады. Ол көлікті айдап кетіп, балаларды ұрлап, шабуыл жасады деп айыпталып отыр.
«Чанс өзін нағыз қаһарман ретінде ұстады. Оның әрекеті батылдығы мен әпкесіне деген махаббатын көрсетті», - дейді полициядағылар.