Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

    Испанияның Малага қаласында көлемді арнайы операция жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тереңдігі 100 метр, ені 25 сантиметр ғана болатын шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы шығара алмай жатқанына 7 тәулік болды.
 Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Екі жасар бала серуендеп жүрген кезінде шахтаға құлап кеткен екен. Бейресми мәліметке сәйкес, аумақтың иесі шұңқырды қазып, оны қоршауды ұмытып кетіпті.
Баланың ата-анасы күні-түні шахтаның жанынан кетпей, күтуде. Алайда баланың тірі не өлі екені белгісіз. Бастапқыда оның жылаған даусы естілген. Алайда артынша тынышталып қалыпты.
Болжам бойынша, бүлдіршін 80 метр тереңдікте жатыр. Құтқарушылар шахтаны кеңейту туралы шешім қабылдай алмай отыр. Сондықтан қарсы орналасқан шұңқырды қазу арқылы балаға жетпек.
Жергілікті ұсталар бүлдіршінге жету үшін лифт тәрізді құрылғы жасаған. Ол 20 қаңтар күні сынақтан өткізілді. Тексеру кезінде қолдан жасалған автокранды 33 метр тереңдікке түсіру мүмкін болды.
 Құтқарушылар осы капсуланың көмегімен қалған топырақты жоғарыға көтермек. Автокран бір талпыныстан  500 келі топырақты көтере алады.
21 қаңтар 2019 ж. 1 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам