Қостанайда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қостанайда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таяуда түскі уақытта болған. "Қостанайда әл-Фараби даңғылы мен Чехов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншіге арналған жолда әйелді көлік қағып кетті. Көлік тізгінінде Рудный учаскелік полиция инспекторы болған", - деді ведомство өкілдері. Учаскелік полицей 1971 жылғы зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.Қазіргі уақытта әйел Қостанай қалалық ауруханасында жатыр.