Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Қызылордада 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады


Қызылордада Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекелері қарсаңында салтанатты жиын болып өтті.
Шараға Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауы оқылды. Сонан соң департамент бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, жеңімпаз ұрпақтың ерен ерлігі, халқымыздың шексіз қаһармандығы, ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы саналатынын атап өтті.
Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен 8 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 128 қызметкері, оның ішінде 22 ардагер марапатталды.
Дәстүрге сай мереке қарсаңында 20 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды. Полиция қатарына жаңа қосылған жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді.
11 мамыр 2019 ж. 1 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам