ҚЫЛМЫСТЫҚ –АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ 7 МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында Қылмыстық –атқару жүйесінің ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрамның қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылды.
Департамент бастығының орынбасары Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлы мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, мол бақыт тіледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің, Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті бастығының марапаттау туралы бұйрығы оқылып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, міндеттерін адал атқарған Қызылорда қалалық Пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Төтебаев Арман Асылбекұлы ҚР Ішкі істер министрінің «Қылмыстық- атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталса, Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі әділет майоры Мәмбетияров Шыңғыс Тұрсынбайұлы Құрмет Грамотасымен, Сейдахметов Серік Асылбекұлы Грамотасымен марапатталды. ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Уайдаев Абдолла Нағашыбекұлы ҚР ІІМ-нің ҚАЖ комитетінің «Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі» медалімен наградталды. Департамент бастығының бұйрығымен мереке қарсаңында мерзімінен бұрын қызметкерлерден тәртіптік жазасы алынып тасталды.
Шара барысында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы айтулы мерекемен құттықтап, еліңе, халқыңа адал қызмет ете беріңдер деп жылы лебізін білдірді.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті