"Басқа әншілерге сияқты төлемейді": Мақпал Жүнісова тойға шығу бағасының неге қымбат екенін айтты
Мақпал Жүнісова тойға шығу бағасының неге қымбат екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі HITTV арнасына сілтеме жасап.
Тек жақсы әндер айтылатын салихалы тойға ғана баратын Мақпал Жүнісованың талғамы жоғары. Содан болар әншінің тойға шығу бағасы да арзан емес. Бұл Жайлы Мақпал Жүнісованың өзі айтып берді.
"Мені тойға шақырғанда басқа әншілерге сияқты төлемейді. Маған қымбатырақ төлейді. Өздерінің сұрауы сол. Сіз бір-екі өлең айтып кетіп қалмаңыз, алты-жеті ән айтуыңыз керек дейді. Соған байланысты ақшасы да қымбатырақ. Өзге әншілер бір әнді айналдырып бір күнде бірнеше мейрамханада айтады. Жас әншілерге жүгірген жақсы. Жасымызға байланысты бізге ол қиындау", - дейді әнші.