Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Жансақтау бөліміЖан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгірген
Өзбекстанда ер адам үйлену тойынан кейін 10 күн өткен соң әйелін көк ала қойдай етіп сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Оқиға 28 мамыр күні Самарқан облысының Булунгур қаласында болған.
Зухра Омарованың айтуынша, күйеуі балмұздақ аламын деп дүкенге шығып кеткен, алайда үйге мас болып келіп, жанжал шығарыпты. Содан кейін үйінің есігін жауып, әйелін есінен танғанша ұрып-соққан.
Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгіріп келген. Зухраның басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Ер адам бірден оны жансақтау бөліміне жеткізді.
Омарова құқық қорғау органдары медициналық сараптама "тым қымбат" деген желеумен оны өткізбеуге кеңес бергенін айтып шағымданды.
Алайда Самарқан облысының әйелдер комитеті іске араласып, сараптама өткізуге көндірген. Ішкі істер органдары Омарованың арызы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр екен. Комитеттің мәліметінше, қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жақын арада кінәлі ер адам қамауға алынады.
Бұған дейін әйелдер комитеті облыстық денсаулық сақтау басқармасына ішімдікке тәуелді азаматтардың тізімін берген. Олардың арасында Зухра Омарованың күйеуі де бар екен.
02 маусым 2019 ж. 1 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам