Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ләйлә Сұлтанқызы: Ол сенің дәрежеңдегі сұрақ емес еді, Қарақат

Ләйлә Сұлтанқызы: Ол сенің дәрежеңдегі сұрақ емес еді, Қарақат

Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинаның сұхбаты жарыққа шықты. Сұхбатта Ләйлә Сұлтанқызы өзіне айтылған сын-пікірлерге жауап берді. 

laila_qaraqat
Бұл туралы "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтылды. 
Сұхбат барысында бағдарлама жүргізушісі Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызына бірнеше сұрақ қойды. Соның ішінде ел аузында қызу талқыға түскен "пәктігін сатқан қазақ қызы" жайында айтылды.
"Бұл сенің дәрежеңдегі сұрақ емес еді, Қарақат. Бұл тақырыпқа қатысты ешкім екінші тарапты қабылдаған жоқ. Тыңдағысы келген жоқ. Екінші тараптың да жауабы бар еді. Менен ешбір журналист "не жауап бересіз?" деп сұраған жоқ. Барлығы қаралауға дайын тұрды. Мен жүргізушімін. Бағдарламаға келгенде сценарийді жарты сағат бұрын ғана алам қолға. Ол жерде не жазылған, соны айтуға міндеттімін. Ал, жалпы "пәктігін сатқан қазақ қызына" қатысты уақыты келгенде толыққанда жауап беремін", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Қарақат Әбілдина Сұлтанқызынан "Өз ойым" бағдарламасында көрсететін трансвеститтер жайлы сұрады. "Оларды көрсетуге қарсымын деп айтуға құқығыңыз жоқ па?" деген сауал қойды. 
"Сен менен сұхбат алып отырған адам емес, ұрысып отырған адам секілдісің", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 
"Мен көз алдыма қызтекелерді елестетіп отыра сұрақ қойдым. Мені ұлтқа қатысты сұрақ алаңдатпай қоймайды. Мен балаларымның қызтекелерді көргенін қаламаймын. Ондайларды суқаным сүймейді", - деді жүргізуші. 
"Біз, журналистер, қоғамға кей проблемаларды насихаттау үшін емес, шешу үшін, сақтандыру үшін айтамыз. Оны қоғам керісінше түсінеді. Мәселен, еліміздегі трансвеститтердің жайы. Бізде проблеманы айту бар да, оны шешу жолы жоқ. Тек талқылауға бармыз. Ал, түсіндіру, шешу, сақтандыру жолы жоқ", - дейді Сұлтанқызы. Айта кетейік, бұған дейін пәктігін ел алдында саудалаған қыз үшін Ләйлә Сұлтанқызына сын айтылып, ел аузында талқыға салынған еді.
03 маусым 2019 ж. 2 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам