"Кәмшатты кім шақырады": Жолдыбаева асабалық қызметіне 1 миллион 200 мың сұрайды
Кәмшат Жолдыбаева тойдағы асабалық қызметіне 1 миллион 200 мың сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Біраз уақыттан бері той тізгінін қолына алып, асабалық қызметке көшкен Кәмшат Жолдыбаеваның бұл бизнесі жайлы өнердегі әріптестері бейхабар. Солардың бірі тойға жиі баратын Мақсат Базарбаева таңданысын жасырмады.
"Кәмшат та той басқарады ма? Бірінші рет естіп тұрмын. Олар енді хабарлап тұратын шығар, жүргізуші сияқты", - дейді Мақсат Базарбаев.
Әншілігі бір бөлек, актерлік шеберлігі өз алдына Кәмшат Жолдыбаеваның той басқару құны да аз емес. "Кешью" тобының аруы тойыңызды жүргізсін десеңіз 1 миллион 200 мың тең теңгеңізді дайындап қойыңыз. Алайда, жұрт Жолдыбаеваның бұл өнері қатты бағалай бермейтін сияқты.
"Кәмшатты кім шақырды? Тіпті миллион беру де күлкілі", "Қамшат қалай асаба болып жүр?", "Бірінші рет естіп тұрмын. Ондай да өнері бар ма", - деп пікір қалдырды желідегі жұрт.