"Жаныма жақын бес адамды ғана шақырамын": Байзақова енді тұрмысқа шықпайтынын айтты
Айжан Байзақова енді тұрмысқа шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.
Отбасын құру өмірдегі маңызды құбылыс емес деп санайтын атышулы Айжан Байзақова тағы бір хайп жасап, елді шулатқан. Баламның әкесіне үйленбеймін деп таңқалдырған ол тойды бейнебаян үшін ұйымдастырыпты. Тұрмыс құрамын деп алдаған ару шынайы той қашан болатынын айтып берді.
"Шынымды айтсам, менің өмірде тұрмыс құру жоспарымда жоқ. Егер тойым болған жағдайда, жаныма жақын бес адамның ғана ортасында атап өтемін. Ол қуанышты күн тек шетелде ғана тойланады", - дейді Айжан Байзақова.