Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРАЛДА АЙШЫҚТЫ ІСТЕР КӨП

АРАЛДА АЙШЫҚТЫ ІСТЕР КӨП

  Арал ауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 5774 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артып отыр. Жыл басынан бері ауданда 7172 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, барлық салық пен басқа да түсім түрлерінің болжамының орындалуы 124 пайыз құрады.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді. Онда аталмыш ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы жоспарлар сараланды.
Шағын және орта бизнес саласында 3975 нысан тіркелсе, оның 81,9 пайызы жұмыс жасап тұр. Индустрияландыру шаралары аясында ауданда «Жаңа Арал» ЖШС 131,5 млн. теңгенің «Қаптама кірпіш өндіру» және «Аралқұрылысы» ЖШС «Асфальт-бетон зауыты» жобаларының қолға алуда. Оған қоса құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «ЖакНұр» серіктестігінің «Титан өндіру бойынша кен байыту комбинатының құрылысы» жобасы бойынша инвесторлармен жұмыстар жүргізілуде. Қаржы институттары арқылы қаржыландыру нәтижесінде бүгінгі күнге аудан кәсіпкерлері 706,3 млн. теңге көлемінде несие алды.
Соңғы жылдары ауданда балық шаруашылығы жедел дамып, аймақ экономикасының негізгі бөлігіне айналып келеді. Жыл басынан бері 3370 тонна балық ауланып, 2286 тоннасы өңделді. Өнделген балықтар алыс жақын шетелдерге және бірқатар Еуропа елдеріне экспортталды.
Ауданда құрылыс саласы да қарқын алған. Жыл басынан бері мұнда 12 272 шаршы метр құрайтын 111 тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында коммуналдық арендалық тұрғын үй салынып, «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 11 кондоминимум нысаны күрделі жөндеуден өтті.
– Осы жылы апаттық жағдайдағы Көктем, Үкілісай, Аққұлақ, Ерімбетжаға және Ескіұра негізгі мектептерінің ғимараттары жаңадан салынып пайдалануға берілді. Ал, Құланды орта мектебі ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін беріледі деп күтілуде. Жалпы, ауданда 7 мектептің құрылысы жүріп, апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты, – деді аудан басшысы. Жол мәселесіне байланысты биыл аудан көлемінде 18 жобаны іске асыруға 1,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Осының нәтижесінде жол мәселесі реттеліп келеді.
Ауыз су мәселесі бойынша биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Конту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту ісі жүргізілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді.
Арал қаласындағы әлеуметтік нысандарды кезең-кезеңімен газ отынына көшіру жұмыстары жоспарланған болатын. Қалада 6637 үй болса, 5000-нан аса үй көгілдір отын пайдалануға арыз берген. Қазір 3947 абонент газдандыру жүйесіне қосылған.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.



21 қараша 2017 ж. 1 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам