Мен көптің бірі болдым: 21 жастағы жігіт қонақ үйдегі өрттен балаларды қалай құтқарғанын айтты
Атырауда "Райхан" қонақ үйіндегі өртте жас жігіт Нүркен Дүйсенбаев балаларды қалай құтқарып қалғанын айтты. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Оқиға кезінде бірнеше баланы құтқарып қалған студент жігіт өзгелермен бірге 29 баланы аман алып қалды.
"Мен өрт шыққан көрген бойда, көмекке ұмтылдым. Саты болмағандықтан жақын тұрған баннер арқылы екінші қабатқа көтерілдім Терезені шағып кіргенде, 4 бала бар екен. Оларды екінші қабатта тұрған өзге балаларға бердім. Екінші бөлмеде де 4 бала бар екен. Оларды да жігіттерге жеткіздім. Мен жалғыз болған жоқпын. 5-6 жігіт құтқардық", - дейді Нүркен Дүйсенбаев берген сұхбатында.
Нүркен 21 жастағы студент. Атырауға Тараздан келген. Мұнай және газ мамандығы институтында оқып жатыр. Сабақтан тыс уақытта мейрамханада күзетші болып жұмыс істейді.
Мейрамхана қызметкерлері де Нүркеннің ерлігі жайлы желіден естігенін айтады. Өзі бұл туралы ешнәрсе айтпаған екен.
"Менен батыр жасаудың керегі жоқ. Менің орнымда кез келген адам көмекке ұмтылады деп ойлаймын", - дейді студент жігіт.