Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әйгілі "Ер Тұғырылдың" режиссері Қасым хан жайлы кино түсіретін болды

Әйгілі "Ер Тұғырылдың" режиссері Қасым хан жайлы кино түсіретін болды

Отырар қаласыФильмге Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Түркияның белгілі режиссері Метин Гюнай Түркістан облысындағы Отырар қалашығын аралады.
Қазақ хандығы мен тарихы, даңқты батыр Қасым ханның ел болашағы үшін аянбай сіңірген еңбегі жайлы тарихи фильм түсірілмек. Фильм сюжетін Ұлы Жібек жолы бойындағы осы көне қаладан бастау жоспарланып отыр. Мақсат – тамыры терең тарихымыз бен батырлар жолын тек Қазақстанға ғана емес, дүниежүзіне таныту.
Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен ауқымды жобаны қолға алған танымал режиссер Метин Гюнай жылдың төрт мезгілін де қамти отырып үш жыл ішінде көп сериалы тарихи фильм түсіруді қолға алған. Кино арқылы еліміздің ұлы тұлғаларын әлемге таныту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кеңінен қолдау көрсетуде, деп жазды otyrar.kz.
"Ер тұғырыл" киносының режиссері Метин Гюнай Елбасының шақыруымен Қазақстанға келіп үлкен жобаны қолға алуда. Қасымхан жайлы киноның сценарийін керемет етіп жазып шықты. Бұл жоба — күрделі әрі ауқымды болғандықтан біз жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз",- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Оның айтуынша, Қазақстан осы ірі жобалар арқылы көне қалаларымыз Отырар, Сауран, Сарайшықтарды дүниежүзіне паш етуді көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи орындарға реставрациялық жұмыстар жүргізілмек.  
"Тарихымызды таныту арқылы Қазақстанға дүниежүзі туристерін шақыра аламыз", - деп түсіндірді министр.
"Ата топырағымызға келгеніме қуаныштымын. Осы өлкені маған арнайы келіп таныстырған министр Арыстанбек Мұхамедиұлына ерекше алғысымды айтамын. Біздің тарихымыз ортақ. Тарихи тұлғаның өмірі жайлы фильм түсіруді қолға алып жатырмыз. Дәл қазір бізге ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз. Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар",- деді Метин Гюнай.
17 маусым 2019 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам