Қыздар сұлу көрінер өнерімен...
Қазіргі таңда әйелдердің мемлекеттік қызметте үлесі зор. Сыр өңірінде 1657 азаматша мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Дәлірек айтқанда, сол саладағы мамандардың 44,6 пайызын нәзік жандылар құрайды. Олардың 749-ы жергілікті, 908-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесінде қызмет атқаруда.
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Мемлекеттік қызмет аруы» байқауы өткізілді. Аталған сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызметтегі нәзік жандардың ұлттық рухын дәріптеу, олардың бойындағы өнерді жаңғырту.
Сайыста мемлекеттік қызметтегі 5 ару бақ сынады. Олар Арал, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандары әкімдіктерінде қызмет атқарады.
Байқауға қатысушы арулар «Менің таңдауым – мемлекеттік қызмет» бейнебаяндар арқылы өздерін таныстырып, «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» даналық сөздердің мағынасын ашты. Сонымен қатар, тақырыптық қойылымдар қойып, өз өнерлерін ортаға салды.
Расында, «әйелдің қырық жаны бар» деп бекер айтылмаса керек. Сайысқа түскен бес арудың бойындағы талантарын көріп, осылай ой түюге болады. Мемлекеттік жұмыстың қиындығы өз алдына, ару қыздар сонда да бәріне үлгеріп өнегелі істерімен көзге түсіп жүр.
Мәселен, Сырдария ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып қызмет ететін Айгерім Мешітбаева екі баланың анасы. Жас келін жұмысымен қатар келіндік міндетін атқаруда аянбай еңбек етіп жүр. Инабатты келін, ибалы ана болумен қатар, өз саласында үздік маман болуды мақсат еткен. Сондықтан да осы байқауға қатысып, нәзік жандылардың мықты екенін көрсетуге талпынады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге – Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айгерім Мешітбаева лайықты деп танылды.
Қатысушылар аталған департамент басшысының дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.