Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Келешек мамандармен кездесу

Келешек мамандармен кездесу

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында жоғары оқу орындарының бітіруші студенттерінің қатысуымен «Бүгінгі студент - ертеңгі маман» атты конференция өтті.
Студенттермен қатар, конференция жұмысына Мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары, жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, қазіргі таңда түрлі салада қызмет атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Конференцияның мақсаты - жастардың мемлекеттік қызметке деген көзқарастарын біліп, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы конференцияны ашып, мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқтады.
Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстар жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Әбдікәрімов, осы университеттің 4 курс студенті Аида Мұхит, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы Асылхан Сүйіндіков және жас мемлекеттік қызметші, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Абылайхан Сабанбаев баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған шара барысында мемлекеттік қызметті насихаттау және болашақ жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам