Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт табылды

"Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт табылды

Адамның қолыЖас жігіт әбден қажып, жартылай есін жоғалтқан
Павлодарда жоғалған 24 жастағы жігіт бір аптадан соң тірі табылды, деп хабарлады "Вита" еріктілер тобының мүшесі Екатерина Кудрявцева Sputnik Қазақстанға.
Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы Владимир Чускаев 11 маусымда үйіне оралмаған соң, ата-анасы еріктілерден көмек сұраған. Жігітті соңғы рет трамвай депосының қасынан көріпті. Волонтерлер бірден іздеуге кіріседі.
Кудрявцеваның айтуынша, 30 адам жиналып, таң атқаннан кеш батқанға дейін Ертіс өзенінің алқабын аралаған. Алайда жігіт ұшты-күйлі жоқ.
"Қала шетіндегі Павлодарское ауылына барып іздеу керек болатынбыз, бірақ кеше ғана, яғни 18 маусымда Владимирдің анасы хабарласып, ұлының табылғанын айтты. Жігіт үйіне өзі қайтып келіпті", - дейді Екатерина.

Владимир осы уақыт бойы қайда болғанын білмейді – жоғалған жігіт сырқаттанып қалған, оның үстіне жартылай есін жоғалтыпты. Владимирдің беті күнге қатты күйіп, өзі әбден қажыған, медициналық көмекке зәру болды, деді Кудрявцева.
"Бірақ, ең бастысы – ол тірі! Ата-анасы мен оны іздеуге қатысқан бәріміз үшін бұл – үлкен қуаныш", - дейді ерікті.
Әлеуметтік желі қолданушылары жоғалған адамдарды іздеуге көмектесетін волонтерлерге ерен еңбегі үшін алғыс айтты.
20 маусым 2019 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 620 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам