Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кенеден келер қауіп қандай?

Кенеден келер қауіп қандай?


         Көктем басталысымен аймақта адам денсаулығына қауіп тудыратын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белең алатыны белгілі. Ол үшін тиісті сала мамандарымен бірлескен іс-шаралар жүргізіліп, мамыр айында толық аяқталатын еді.
Биыл өңірде ауа райының салқындығы басым болды. Сол себепті аталмыш қызбадан келетін қауіп әлі де бәсеңдемей отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова айтты.
         Маманның сөзінше, өткен жылы кене шағу дерегімен 500 адам тіркелген екен. Оның ішінде 6 адамға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды деген болжам жасалған. Дегенмен, зертханалық зерттеу нәтижесінде ол анықталмаған. Ал, биыл кене шағу жағдайы төмендеген. Жыл басынан бері 430 адамды кене шақса, оның ішінде 2 адам аталмыш қызбаны жұқтырған. Бұл зертханалық жолмен дәлелденіп, науқасқа тиісті ем-дом шаралары жасалған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсы. Олар толық жазылып шығуы үшін әлі де дәрігерлер бақылауында болады.
         Аймақта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша жоғары көрсеткіш Шиелі ауданында орын алған. Биыл ауданда кене шаққандар саны 70 адамды құрап отыр. Жоғарыда айтылған екі науқас та осы аудан тұрғындары. Бірі бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысса, ендігісі мал бағуды кәсіп еткен.
         Осы ретте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев үстіміздегі жылы облыста 123 елді мекен қолайсыз аймақ ретінде белгіленгенін айтады. Оған көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 214 млн. теңге қаржы бөлінген. Соған сәйкес барлық аумаққа жоспарлы дезинфекциялау шаралары жүргізіліпті. Маманның айтуынша мұндай шараның тиімділігі 96,8 пайыз.
         Жалпы, сала мамандары кене шағу дерегінің жаз маусымына дейін созылуы аймақтағы салқын ауа райының әсері екенін айтады. Күн ысыған кезде бұл қауіп сейіледі-мыс.
Айдана СЕЙІЛ.
24 маусым 2019 ж. 1 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам