Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Суға түскенде салғырт болмаңыз

Суға түскенде салғырт болмаңыз


Жаз мезгілінде суға кету оқиғалары жиі орын алып жатады. Сондықтан сақтық шараларына әрдайым назар аударуымыз тиіс.
Биыл облыс бойынша 12 адам суға кеткен, оның 3-і балалар. Осы жағдайға байланысты қалалық ішкі саясат бөлімі және оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару мемлекеттік мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен облыс орталығы аумағындағы бірнеше су айдынында 3 бағыт бойынша рейд шаралары  жүргізілді.  Бірінші бағыт ПМК-29 саяжайы, әуежай маңы, екіншісінде Сырдария бойы назарға алынды. Соңғы бағыт бойынша  Абай елді мекені және Қарауылтөбе маңындағы канал бойындағы тұрғындардың суға түсетін жерлеріне арнайы рейд жасалды. Қазіргі таңда қала аумағындағы қауіпті су айдындары учаскелерінде «суға түсуге болмайды» деген 30 тақтайша орнатылды. Бұл істелген жұмыстардың барлығы суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтап, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергеновтың айтуынша, жаз маусымының басынан  құтқару бөлім­шелері мен сүңгуір апат­­тық-құтқару жасағы кез келген қауіптің ал­дын алу үшін күшейтілген ре­жімде жұмыс істеуге көшкен.
  • Сырдария өзен бойында малшылар қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Соның салдарынан байқаусызда суға батып кету орын алады. Осы мәселеге байланысты жергілікті әкімдіктерге төтенше жағдайлар департаменті бөлім басшылары арнайы тапсырма берді. Яғни елді мекендердегі малшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, –деді ол.
        Адамдардың суға батуының басты себебі – жүзе білмеу, алысқа малтыған кезде қайтуға күші жетпеу, балаларды қараусыз қалдыру, мас күйде шомылу, тыйым салынған жерлерде шомылу және тағы басқа жағдайлар. Расында, адамдардың қарапайым суға түсу ережелерін білмегендігінің салдарынан қайғылы жағдайға ұшырайды. Бірқатар ережелерді айта кетсек, суға түсу қауіпсіздігі туралы ережеден басқа да әрбір адам біліп жүруге тиіс бірқатар қағидалар бар.
Мысалы, суда жүзу дені сау адамдарға ғана пайдалы. Дене ыстығы көтерілген кезде шомылуға болмайды. Сондықтан суға түсер алдында дәрігерге көрініп, кеңес алу қажет. Суға түсудің қолайлы уақыты таңғы сағат 8-10 аралығы және кешкі сағат 17 мен 19 аралығы болып саналады. Сондай-ақ, ас ішкеннен кейін бір сағат өтпей суға түскен денсаулыққа зиян екенін көп адамдар білсе де, қаперге алмайды. Тамаққа тойып  немесе ішімдік ішіп  суға түскен адамның қан қысымы бірден көтеріліп, басқа шабуы мүмкін. Осындай сияқты қауіпсіздік ережелерін сақтай білген адам апаттан аман болады.   
                                                                              Нұрай Ақжігіт,
                                        Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті.
24 маусым 2019 ж. 1 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам