САЛҒЫРТТЫҚ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙҒА СОҚТЫРАДЫ
Су тіршілік көзі. Дегенмен, оның тілсіз жау екенін тұрғындар әрдайым есте ұстай бермейді. Жаз мезгілі басталысымен суға кету жағдайлары жиі орын алады.
Қала бойынша жыл басынан бері 9 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Қала іргесіндегі жергілікті жұрт «Көксу» атап кеткен аумақта – 2, «Шіркейлі» каналында да 2 адам суға кеткен.
Жергілікті билік тарапынан іс-шара жоспары бекітіліп, қала аумағындағы Сырдария өзенінің бойында суға түсуге қауіпті аймақтарда рейд жұмыстары жүргізілген. Оған қалалық жергілікті полиция қызметі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысты.
– Бүгінде атты 6 мобильдік топ құрылды. Олар тәулік бойы жағалауларды күзетіп жүр. Қазіргі таңда 45 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Шағырбай.
Күнделікті күшейтілген режимнің нәтижесінде қауіпті деген су айдындарында шомылып жатқан 500-ден астам азаматқа ескерту жасалып, үйлеріне қайтарылды. Ал 2 азамат суға батып бара жатқан жерінен құтқарылған.
Жиында қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев суға түсуге тыйым салынған аймақтарда кезекшілік жолға қойылып, оған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен күш құрылымдары тартылғанын атап өтті.
Биболат Сағындықұлы