Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Подполковник Сәуле

Подполковник Сәуле


Әріптестерінің айтуынша, біздің кейіпкеріміз өзгелерден өзінің байсалдылығымен ерекшеленеді. Әрбір берілген тапсырманы орындау кезінде осы мінезі арқылы кез-келген жағдайдың шешімін табуға тырысады. Білімділікпен қатар түйсік арқылы жұмыс жасай біледі. Оның бойындағы еңбекқорлық өз әріптестерінің арасынан ерекше етіп көрсетеді. Орын алған қылмыстың ашылуына үлес қосып, тиісті адамдар жазасын алғанша сол істің басы-қасында жүреді.
Қазіргі таңда заңнан аттаған адамның дер кезінде ұсталып, кез келген қылмыстың жедел ашылуына ұйытқы болып жүрген сала мамандарының атқаратын қызметі орасан. Сыр өңірінде жаны нәзік болса да ерлерге тән қызметті қырағылықпен атқарып жүрген жанның  бірі – облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сәуле Шайменова.
 – Әр мамандықтың өзіндік қиындығы мен қызығы бар. Алайда, жұмыс істей бастаған соң бірте-бірте төселесің. Жүрек қалауымен таңдаған мамандық болғандықтан әрбір ісіме аса қатты жауапкершілікпен қараймын. Кішкентай кезімде ата-анамның қызметтік барысындағы киім үлгісіне  қызығатынмын. Соларға қарап мен де осындай боламын деген бала арман осы жолға жетеледі, – деп бастады әңгімесін Сәуле.
  • Біздің кейіпкеріміздің мамандықты таңдауына ата-анасы себепкер болған. Әкесі Әбдіхалық ішкі істер органдарында қызмет жасаған. Ол кісі – жұмысына шексіз берілген үздік полицей болатын. Ал анасы Күміскүл Шайменова да осы саланың беделді қызметкері атанды, қиын­дыққа мо­йымай, отбасы мен жұмысын қатар алып жүруге тырысатын. Әркез абырой биігінен көріне білген анасы осы саладан зейнетке шықты. Төрт перзентті дүниеге әкеліп, оларға өмір жолының есіктерін ашып берді. Отбасындағы балалар арасынан Сәуле ғана ата-ана жолын қуды. Әкесі мен анасының үмітін ақтауды мақсат еткен Сәуленің де қадамы нық еді. Қыз баласы үшін ауыр, күрделі сала екендігіне қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет етуді жөн санады. Өйткені, әкесінің ақ адал жолымен жүруді жүрегі шын қалады.
  • Сол жастық қиял 1996 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Шымкент  заң колледжіне түсуіне себепкер болды. Колледж қабырғасында аталған салаға қызығушылығы артпаса, кеміген жоқ.
Сәуле Шайменова туған жерге келіп өз мамандығы бойынша қызмет жолын бастайды. Мақсатын нықтап қойған ол ақпараттық-сараптамалық орталығында инспектор болып қызметін бастады. Содан кейін 1998 жылы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын тәмамдады. Осылайша, ұзақ жылдан бері ішкі істер саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде тек қана ер-азаматтар істейді деп санаға сіңген қызмет түрін Сәуле ерлермен бірге иық тіресіп атқарып жүр. Жұмысының қыр-сырын меңгеріп үлгерген нәзік жанды полицей қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда өлшеусіз өз үлесін қосуда. Оның негізгі міндеті – қылмыстық іздестіру. Қылмыс орын алған сәттен бастап ашу міндетіне жатады. Сондықтан бөлім басшысы ретінде дер кезінде жұмыс жасап, жеделдікті талап етеді.
  •   – Басты үлгі тұтар адамдарым – әкем мен анам. Олар адал қызмет етті. Сол кісілер секілді абырой биігінен көрінгім келеді. Қазіргі таңда біздің қызметіміздің міндетіне ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жатады. Оның ішінде алаяқтық, адам өлтіру, қасақана шабуыл жасау, ұрлық секілді қылмыстар орын алған кезде жеке уақытпен санасуды білмеймін. Рас, деректерді іздестіру барысында бірқатар шырғалаң болады. Дегенмен, әр саланың өз қиындығы бар. Абай атамыз айтқандай, адам білім, ар-ождан, санасын жетілдіру арқылы ғана рухани байлыққа кенеледі. Алға қойған мақсаты­мның бірі әрі маңыздысы – өмірде қандай жағ­дай болмасын адам деген атқа лайық өмір сүру.  Біз адал қызмет ету үшін ант бердік, – деп әңгімесін қорытындылады ол.
Сәуле Әбдіхалыққызы бүгінде әріптестері арасында сыйлы да құрметті. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, әр тапсырманы дер кезінде атқаратын ол көпшілік алғысына бөленуде. Тәжірибесі мол қызметкердің әр атқарған жұмысы үнемі бағаланып, нәтижесі мақтау-марапатпен айшықталған. Оған дәлел, «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және бірнеше мәрте департаменттің грамоталарымен марапатталған.
Сонымен қатар, «Подполковник қыз» атанған Сәуле Шайменова әріптестері арасында құралайды көзге атқан мергендігімен да ерекшеленіп тұрады. Ол 2011 жылы облыс көлемінде өткен әйелдер арасында Макаров тапаншасынан ату сайысында «Ең үздік мерген қыз» номинациясына ие болған.
Егер адам өзі шынайы қалайтын өмір жолын таба білсе ғана, жұмыста тамаша нәтижелерге қол жеткізе алады. Жедел уәкіл қызметінде жүріп ол өзін жан-жақты сауатты, кәсіби білігі мол маман ретінде таныта білді. Сәуле Шайменова осылайша жүрек қалауына айналған, бала кезінен армандаған сүйікті қызметін абыроймен атқарып келеді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
24 маусым 2019 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам