Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Халықты алдаудың керегі жоқ: Жанар Хамитова продюсерімен жұмысын тоқтатады

Халықты алдаудың керегі жоқ: Жанар Хамитова продюсерімен жұмысын тоқтатады

Жанар Хамитова продюсерімен жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жанар Хамитова көп жылдық үзілістен кейін сахнаға оралып, жұртты тәнті еткен. Алайда әнші өзіне қолдау білдіріп, өнер жолында қайта қалыптасуына көмектескен Сиви Махмұдимен күз мезгіліне дейін ғана жұмыс жасамақ. Кеше ғана сахнаға келіп, бүгін кетуді жоспарлап үлгерген өнер иесі мәселенің мән-жайын түсіндірді.
"Екеуіміз бір шешімге келдік. Күзге дейін ғана жұмыс жасаймыз. Ол рас. Халықты алдаудың керегі жоқ. Сиви ханым да, мен де шынайы адамбыз. Сиви жеке концертін жоспарлап отыр. Бүкіл концерттерді атқарып кетемін", - дейді Жанар Хамитова
Екі тараптың келісімі бойынша Сиви Махмұди мен Жанар Хамитова осындай шешімге келген. Болашақты болжамауды дұрыс көрген құрбылар тіпті арнайы келісім-шартқа да қол қоймаған. Өйткені Жанар Хамитова әлі де болса сахнадан жүрексінетін көрінеді.
"Күнде күйеуіммен айырылысып жатқан жопын. Кішкене депрессия бар. Күш-қуат жинауым керек. Біз Сивимен доспыз. Бізде келісім-шарт болған жоқ. Сиви екеуіміз күнде ертеңді болжамай-ақ қоялық, не боларын білмейміз деп айтатын едік. Екі тараптың шешімі. Өйткені мен микрафон ұстап, сахнаға шығудан қорқамын. Неге екенін білмеймін. 11 жыл сахнаға шықпағандықтан ба, қобалжу бар", - дейді Жанар Хамитова.
24 маусым 2019 ж. 2 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 504 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам