Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жарылыстар жалғасуда: Құтқарушылар Арыстағы өртті сөндіруге кірісе алмай жатыр

Жарылыстар жалғасуда: Құтқарушылар Арыстағы өртті сөндіруге кірісе алмай жатыр

Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыстар жалғасуда. ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәлімдеуінше, бұл құтқарушыларға өртті сөндіруге кірісуге кедергі келтіріп отыр. Жарылыстар жалғасуда: Құтқарушылар Арыстағы өртті сөндіруге кірісе алмай жатыр
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.
«Жарылыстардың қарқыны бәсеңдеді. Алайда ара-тұра  жарылыс болып жатыр. Осыған байланысты құтқарушылар өртті сөндіруге кірісу үшін, өрт орнына жақындай алмай отыр», - дейді Нұрахметов.
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады. 
Жарылыс дерегі бойынша ҚР ҚК 462-бабының 1-бөлігіне сәйкес (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу) қылмыстық іс тіркелді.
24 маусым 2019 ж. 2 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам