Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

«Журналистің жегені - жантық, арқалағаны - алтын» дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері бүгін кәсіби мерекесін тойлап жатыр.
2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісі журналистер күні ретінде аталып өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында ел Президенті Жарлық шығарып, маусым айының 28 жұлдызы - «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданғанын атап өту керек. Бұл заң ел ішіндегі тілшілер қауымының жұмысына тың серпін беріп, баспасөз саласында мемлекеттік БАҚ-пен қатар, жекеменшік басылымдар пайда бола бастады. Ал 2011 жылы бүгінгі күні аталып өтіп жатқан журналистер күнін белгілеу алдында тілшілер қауымының арасында біршама пікірталас туындаған.
Бір топ қазақ даласында сонау бір ғасырдан астам уақыт бұрын мамыр айында жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінің шығу төркіні құрметіне орай, тілшілер мерекесін мамыр айында белгілеуді сұраса, енді бірі журналистер күнін «Қазақ» газетінің тарихына икемдеуді ұсынған. 2011 жылы шыққан ел Президентінің №164 Жарлығы бұл пікірталастардың бәріне нүкте қойды.
Мерекеден тыс елімізде тілшілер арасында жыл сайын дәрежелі байқаулар жарияланып, төртінші билік ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Ендеше, осынау мерейлі мерекеде облыстық «Сыр бойы» газеті барша әріптестердің еңбегіне табыс тілейді. Қаламдарыңыз қарымды болсын.
28 маусым 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам