Полицейлер жастар арасында сайыс өткізді
Облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс көлеміндегі орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы кешенді фестиваль сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Сайысқа 38 оқу орны қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерімен бөлісті.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты ізденіп, фестивальді өткізу бағыттары бойынша 7 үміткер қол өнеріне баулу бағыты, 4 үміткер есірткіге қарсы ән, би, бал билері бағыты, 3 үміткер гүлдер бағыты, 2 үміткер тағамдар әзірлеу бағыты, 5 үміткер фото суреттер бағыты, 11 үміткер плакаттар бағыты, 2 үміткер қолдан жасалған ұшақ, тік ұшақ, ракета макеттерінің бағыты, 4 үміткер сәндік бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысымен жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталатын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі