Полицейлер «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен спорттық сайыстар өткізді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен спорттық – эстафеталық жарыстар өткізілді.
Жарыстың мақсаты жасөспірім мен жастардың бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылады.
Жарыс мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- бұқара қауым арасында психикалық белсенді заттарды тұтынудың алдын алу бойынша жұмысты күшейту;
- бұқара қауымды белсенді де салауатты өмір сүруге ынталандыруға негізделген алдын алу жұмыстарын жетілдіру;
- отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау;
Аталмыш жарыстарға облыс көлемінде 45 оқу орны, оның ішінде 270 оқушылар мен студенттер қатысты.
Сайыстар нәтижесі бойынша жарысқа қатысқан 24 оқу орындары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталса, 21 оқу орнына алғыс хаттар табыс етілді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі