Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

"Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін", - деді Бауыржан Байбек.
Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпанынан партия хатшысы қызметінде болған еді. Ол қызметке дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.