Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Шілде айының ортасы жаздың ең қызу кезеңі. Алдағы үш тәулікте ауа райы ыстық және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз сынап бағанасы +30-38°С-қа дейін, ал кей жерлерде +40-43°С-қа дейін көтеріліп, орташа көпжылдық мәннен жоғары болады.
Тек Қазақстанның батыс өңірінде өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Алайда республиканың басқа аймақтарындағыдай ыстық болады.