Суға шомылудың тәртібі бар

Рейд кезінде Қызылорда облысы ТЖД мамандары қала суға түсуге белгіленбеген орындарда суға шомылып жатқан 64 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережесі жазылған жадынамаларды таратты. Сондай-ақ облыс бойынша 200-ден астам тұрғындарға үгіт-насихаттық жұмыстары жүргізілді. Осы рейдке Жастар ресурстық орталығының еріктілері де белсене қатысты.
2019 жылғы 10 шілдеде "Копэс", "ПМК-29", "Наурыз", "Сабалак", "Ягодка" саяжай алабы ауданында, "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" трассасында Сырдария өзенінде, "Мерей", "Рисмаш", "Тасбөгет", "Белкөл" шағын аудандарында, Халыққа қызмет көрсету орталығы, "Водозабор", Мичурин көшесі, "Сталинский канал" каналының ауданында, "Р-1" канал шлюздері маңында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысы ТЖД