Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

  Қызылордада бюджет қаражатын қымқырған екі балабақша меңгерушісі бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы жарты жылда «Балапан» бағдарламасы аясында балабақшаларда бюджет қаражатын жымқыруға қатысты 4 қылмыстық іс тергелді. Бұл жөнінде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
«Нәтижесінде екі балабақша меңгерушісі бас бостандығынан айырылды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Онда алаяқтығы, яғни алдау арқылы немесе сенімді пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру жағдайы көрсетілген. Қыруар қаржыны қолды еткендердің әрқайсысына бас пайдасына жаратқан 1 млн 945 мың және 2 млн 975 мың теңге көлеміндегі ақшаны бюджетке қайтару міндеттелді», - деп хабарлады Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.
Мұнан басқа екі балабақша басшысына қатысты іс сот қаулысымен шектелді. Яғни, келтірілген зиян толық қалпына келтірілді. Нәтижесінде іс өндірістен қысқартылды. Олардың бірі 1 млн 146 мың теңге, екіншісі 3 млн 902 мың теңгені бюджетке қайтарған. Қазына қаржысын қымқыру үшін олар әр балаға ай сайын бюджеттен бөлінетін 24390 теңгені алу мақсатында жалған құжат жасаған. Балабақшаға келмеген балаларды да тізімге қосып, оны білім бөліміне өткізіп отырған. Тіпті бір баланың балабақшаның бірнеше тобының тізімінде болу дерегі кездесті.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері былтыр және 2019 жылдың 6 айында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бюджетке залал келтірудің 26 дерегін анықтаған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 80 млн теңгеден асып жығылды.
21 шілде 2019 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам