Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ КАЗИНО ИЕСІ 1 МЛН ТЕҢГЕ ПАРА ҰСЫНҒАН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ КАЗИНО ИЕСІ 1 МЛН ТЕҢГЕ ПАРА ҰСЫНҒАН

   Қызылорда қаласындағы саунаның бірі мен жалдамалы пәтерде астыртын казино ашқан 33 жастағы қызылордалық азамат А.У екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Ол үстіміздегі жылдың қаңтар айында ұсталды. Жергілікті мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі бұл деректі анықтады. Саунаны тінту барысында 535 мың теңге мен 645 доллар, покер үстелі, фишкалар және ойын картасы айғақ заттар есебінде тәркіленді. Ол заңсыз ісін қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде де жалғастырған. Қос казиноның иесі болған жігіт қылмыстық істі тоқтату мақсатында экономикалық тергеу қызметкерлеріне 1 млн теңге пара ұсынған. Бұл тағайындалған жазаны ауырлата түсті.  
«Қылмыстық істі тергеу барысында саунадағы заңсыз казино мен жалдамалы пәтердегі казино бір өндіріске біріктірілді. Соның нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, оған қатысты үкім шықты», - дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев.  Қазіргі таңда аталған азамат Қызылорда қаласының №2  сотының үкімімен  екі жылға бас бостандығынан айырылды.
23 мамыр 2018 ж. 1 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 082 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам