Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал ауданынан салқын және ылғалды ауа келіп түсіп жатыр. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге, бұл өңірлерде найзағай ойнап, кей жерлерде күшті, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы плюс 38-45 градус ыстық ауа райы сақталады.