Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада бір аптада үш бала суға кетті

Қызылордада бір аптада үш бала суға кетті

   Қызылорда облысында балалардың суға кету жағдайы жиілеп отыр. Соңғы бір аптада үш бала тілсіз жаудың құрбанына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы оқиға Жаңақорған ауданында болды. Аудан орталығына жақын Тайпақкөл каналында он жастағы бала суға батып кеткен. Оның жансыз денесін тұрғындар судан шығарып алды. Тағы бір оқиға Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені үстіндегі көпір маңында тіркелді. Бұл орында 2006 жылы дүниеге келген бала қайтыс болды. Оның денесін құтқарушылар судан алып шықты. Енді бірі Арал ауданы Райым ауылдық округінде болды. Суға түскен 2004 жылғы жасөспірім қайтадан жағаға жете алған жоқ. Жансыз денесі тұрғындар күшімен шығарылды.
«Айта кетерлігі, тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Олардың қайда жүргенінен хабарсыз. Жыл басынан бері 21 адам суға кетті. Оның ішінде сегіз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Біз тұрғындар арасында қауіпсіздік шаралары жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргіземіз. Дегенмен оған көбісі құлақ аса бермейді. Салдарынан тосын жағдайлар орын алып жатады», - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
14 шілде 2019 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам