ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 16-сессиясы 2017 жылғы 27 қарашада сағат 11:00-де Облыстық мекемелер үйінің (Бейбарыс Сұлтан к., 1) мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
1. «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 71 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
2. Қосымша мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 27 қарашада сағат 10:30-да өткізіледі.
Облыстық мәслихат.