ҚАЗАЛЫДА ДЕПУТАТТЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ
Бүгін Қазалы ауданында облыстық мәслихатпен депутаттық тыңдау өтті. Мәжіліске облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Сұлушаш Айтбаева қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ауданда жүзеге асырылуы және ауданға 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржылардың игерілуі туралы хабарлама жасады.
Ал аудан аумағындағы жер қорына түгендеу жүргізу және елді мекен шекарларын нақтылау жұмыстарын жүргізу туралы аудан әкімінің орынбасары Жарасхан Мұратбаев баяндады. Талқыланған мәселелерді облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов қорытындылады.