Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

  Қызылорда облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолының 1525-шақырымында, №99 бекет маңында болды. «Daewoo Matiz» бен жүк көлігі соқтығысқан.
Бұл жөнінде хабарлама «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әйтеке би» трассалық медициналық құтқару бекетінің диспетчеріне келіп түскен. Мамандар оқиға орнына дереу жеткен.
«Медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасы оқиға орнына барған сәтте «Daewoo Matiz» жеңіл автокөлігінде болған 2 адамның қаза тапқанын көрді. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көлік ішінде қысылып қалған мәйіттерді алып шықты. Жарақат алған жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Мерт болғандар Қырғызстан азаматтары екені анықталды.
Айта кетейік, Қызылордада тамыз айының басында болған жол апатынан 5 адам көз жұмған еді.
08 тамыз 2019 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 516 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам