МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 мамыр - «Медбикелер» күніне орай, «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында студенттерге төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек жұмыстары көрсетілді. Студенттер апаттар медицинасы туралы сұрақтар қойып, оларға жеткілікті жауаптар алды. Медицина қызметкерлері мен бірге медициналылық құрал-жабдықтарын дұрыс қолдануды үйренді.
Студенттер қызметкерлер жұмысымен танысып, қызығушылық танытты. Студенттерге апаттар медицинасы орталығының тарихы жайында және күре жолдық медициналық құтқару бекеттері туралы айтылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар көрсетілді.
«Ашық есік күні» жиынының соңында студенттерге Апаттар медицинасы орталығының іс-қимылдары, олардың адам өміріндегі маңызды рөлі жайында айтылды.
А.МИРАМБЕКОВА,
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшері