Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада құрылыс саласының 75 жылдығы аталып өтті

Қызылордада құрылыс саласының 75 жылдығы аталып өтті

   Құрылысшылар күніне арналған мерекелік іс-шарада облыс бойынша саланың үздік қызметкерлері марапатталды.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың құрылыс саласындағы елеулі жетістіктерін атап өтті.
«Жыл басынан бері 4 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді (Жастарға қызмет көрсету орталығы, Ғ.Мұратбаев атындағы стадионын қайта жаңғыртылып, Арал ауданы Шижаға, Шиелідегі Тартоғай ауылдарындағы 150 орындық клуб). Сонымен қатар, облыс аумағында 23 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың оны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Тек, соңғы алты жылда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2,5 есеге артып отыр (2013 жылы 270,0 мың ш.м., 2018 жылы 700,0 мың ш.м). Осы уақыт аралығында Қызылорда қаласының өзінде жаңа 10 мөлтек аудан, 5 тұрғын үй кешені, 361 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық (7709) адам жаңа баспанамен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облыс көлемінде барлық қаржыландыру көздерінен 1862 пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған»,-деді аймақ басшысы.
Өңірдің үздік құрылысшыларына кәсіби мерекелері қарсаңында құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шарада "Құрылысы қарышты Қызылорда" кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
10 тамыз 2019 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам