Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырған

Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырған

  Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Эхо Петербурга" арнасына сілтеме жасап.
Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жатақханада тұрып оқығаны жайыл айтып берді. Музыкалық мектеп-интернатты бітірген ол, ата-анам шығаршашылыққа жақын болғанымды қалады дейді. Белгілі тележүргізушінің ата-анасы да музыкант болған. 
"Мен әкеме мұғалім, адвокат, журналист немесе филолог болғым келеді деп айтатын едім. Бірақ ата-анам музыкалық мектепті жөн деп шешті. Өйткені өздері де сол жерде оқыған, оған қоса интернатта тұрдым. Ал ата-анам оқып жүріп жұмыс жасады. Үйде үш бала едік, үшеуіміз де сол мектепті бітірдік", - дейді Дана Нұржігіт.
Журналист болғысы келген Дана Нұржігіт үйіндегілерден жасырып, журналистика факультетіне тапсырған. Алайда, анасы бұл жайлы біліп қойып, консерваторияға оқуға түсірген көрінеді. Осылайша белгілі журналист консерватория бітірсе де, жаны сүйген бағытты таңдағанын айтты.
"Мектепті бітіргеннен кейін ата-анама айтпай, Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне тапсыруға бардым. Артынша анам бұл туралы біліп қойып, қалаға келді. Ол кезде анам Алматының шетінде тұратын. Сөйтіп абитурент кезімде менімен бірге жатақханада тұрып, бақылады. Консерваторияны бітіргенімді қалады", - дейді Дана Нұржігіт.  
13 тамыз 2019 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам