"Жаңбыр жауып, күн күркірейді": синоптиктералдағы үш күнге болжам жасады

"Республиканың батысына Архангельск ауданынан келетін антициклон ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы біртіндеп жоғарылап 30...41 градусқа дейін жетеді", - дейді синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 15 тамызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екіпін 7-12 м/с, ұйықтқуы 15 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус нөлден жоғары болса, күндіз 20-22 градус жылы болады. 16 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде сынап бағанасы 10-12 градус, күндіз 19-21 градусты көрсетеді. 17 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы болмақ.
https://m.sputniknews.kz