Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

  Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

10 маусым 2018 ж. 1 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 516 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам