Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1-сыныпқа әліппе қайтарылады

1-сыныпқа әліппе қайтарылады

   Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізілетінін айтты.

«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Аймағамбетов.

Министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, алайда баспалардың «қисынсыз» нұсқаларынан соң Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтты.

«Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. Енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені ұсынады. Неге олай екенін сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз», — деді министр.

Президент ауыл мектептеріне үздік менеджерлер мен ұстаздарды тартуды тапсырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
17 тамыз 2019 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30