Қызылордалық полицейлер «Жолдағы қабылдау» шарасы аясында тұрғындарға кеңестер берді
Ішкі Істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша, тұрғындарға кері байланыс жасау мақсатында Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде. Бұл акция полицияның азаматтармен өзара әрекеттесудің жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн.
Жанкин көшесінде тұратын азамат Исбасханов Ақмырза облыс орталығында орналасқан жылжымалы қабылдау бөлмесіне жүгінді. Ол азаматтар, әсіресе жастар көшелерді әдейі ластайтын, оның ішінде темекі,шемішкі мен басқа да қоқыстарды лақтыратын, орындықтарды сындыратын адамдарға қатысты әкімшілік айыппұлдар мен басқа да заңнамалық шараларға қатысты мәселелерді қызықтырды. Мұндай жағымсыз көріністі көптеген тұрғындар байқап шағымданады және құқықбұзушылар үлкен кісілердің ескертпелеріне қарамастан заңбұзушылықтарға жол береді.
Полицейлер азаматтың сұрақтарына заң аясында жауап беріп, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтардың куәсі болса, дереу полицияға хабарлама беру керектігі айтылды. Қарт кісі полицияға кеңес бергені үшін алғысын білдірді.
Бүгінгі қабылдау барысында келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын еркін қойып, тұшымды жауаптар алып жатыр.
Акция барысында әлеуметтік желілер және «жедел желі» арқылы түскен тұрғындар сауалдары да назардан тыс қалмауда. Акция аясында облыстың қалалары мен аудан орталықтарында 11 мобильді топ жұмыс істейді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі