Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР Премьер-Министрі Сыр жұртшылығына алғыс айтты

ҚР Премьер-Министрі Сыр жұртшылығына алғыс айтты

   Бүгінгі таңда өңірдегі құрылыс компаниялары Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтады. Бұл туралы мәслихаттың 35 кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов хабарлады.
"17 тамызда сенбі күні Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Түркістан облысында жұмыс сапармен болды. Жұмыс сапары барысында Асқар Ұзақбайұлына Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндадым. Сыр құрылысшыларына және халқына қиын жағдайда қолдау жасағаны үшін Премьер-Министр өз ризашылығын білдірді", - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі, өз кезегінде, Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жылдам әрі сапалы орындағаны үшін құрылысшыларға алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, онда жөндеу жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты. Қызылорда облысына Арыс қаласындағы № 6 учаске бөлінген, онда 14 көшеде 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан. Бүгінгі күні қалпына келтірілмейтін үйлердің бірі бұзылып, оның тұрғындары үшін жаңа үй сатып алынды, басқа үйдің тұрғындары үшін (93 жастағы әже, оның 60 жастағы мүгедек ұлы және 19 жастағы немересі) және бір аулада тұруға жарамсыз 2 үйдің тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер сатып алынды. Қалған 264 үй толығымен қалпына келтірілді.
Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Бүгінгі таңда Қызылорда облысына бөлінген жұмыстар толығымен аяқталды.
20 тамыз 2019 ж. 1 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам