Бұршақ жауып, найзағай ойнайды
Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазгидрометке сілтеме жасап.
«21 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс бөлігінде жауын жауады, солтүстікте кей жерлерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, жел күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген болжауда.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дауыл күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында тұман күтіледі.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.