Театр өртеніп жатыр(видео)

Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өрт орнына келді. "Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, 9 техника мен 50 өртсөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталғаннан кейін қалыпқа келтіру жұмысы басталады", - деді Атырау әкімі. Құттымұратұлы драма театрының ғимаратына екі ай бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың "101" пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. "Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы - 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады", - деді Нұрахметов.
Өрттің себебі, аумағы мен басқа да мәліметтер анықталып жатыр.