Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНА АСXАТ МАКСИМҰЛЫ КЕЛДІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНА АСXАТ МАКСИМҰЛЫ КЕЛДІ

  Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы аталмыш театрдың facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

“Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығына сәйкес, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Маемиров Асxат Максимұлы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды! Асxат Максимұлын театр ұжымы атынан құттықтап, жаңа бастамаларына шығармашылық табыстар тілейміз!”, – деп жазылған жазбада.
Маемиров Асхат Максимұлы 1974 жылы Батыс Казакстан облысы, Сырым ауданы, Абай ауылы, Сарой ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1991 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп 1995 жылы бітірді. 1995-96 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясында «драма режиссері» мамандығы бойынша білім алды. Халық әртісі М.Байсеркеновтің класында шеберлігін шындады.
Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Казакстан облыстық Қазақ драма театрында актер болып бастады.
12 ақпан 2018 ж. 2 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 034 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам