Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық жас өнертапқыш Яндекс компаниясынан шақырту алды

Қызылордалық жас өнертапқыш Яндекс компаниясынан шақырту алды

   Қызылорда қаласының тұрғыны, жас өнертапқыш Дастан Айтбай ресейлік Яндекс компаниясынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дастан Айтбай көптеген инновациялық жобалар бойынша елге танылып келеді. Ол былтыр инновациялық құлаққап жасап шығарды. Қазір екінің бірі құлаққапты пайдаланады. Дегенмен ол қауіпсіздікті сақтау барысында көптеген қиындықтар тудырады. Дастан құлаққаптың ішіне қауіпсіздік сигналын орнатқан. Мәселен, көлік, жол-көлік, жедел жәрдем қызметтерінің сигналы естілгенде құлаққаптағы әуен автоматты түрде тоқтайды.
Сондай-ақ, Дастан вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты. Оған «Кафка» бағдарламасы деген атау берілген. Оны вирусқа қарсы вирус деуге негіз бар. Жоба бойынша ол вирусты өз қақпанына түсіреді. Оған өзінің вирустарын жүктеп жібере алады. Нәтижесінде жіберілген вирус қайтадан бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді.
«Алдағы уақытта өз білімімді Ресей астанасы - Мәскеу қаласында жетілдіргім келеді. Бұл - үлкен тәжірибе алаңы. Мұндай ірі компаниямен бірге жұмыс жасау өзіме жасалған үлкен мүмкіндік деп санаймын», - деді Дастан Айтбай.
28 тамыз 2019 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 594 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам