ШҰБАТТЫ ҰЗАҚ САҚТАЙТЫН АШЫТҚЫ ОЙЛАП ТАПТЫ
Қызылордалық өнертапқыш Баян Дүйсенбек шұбатты ұзақ уақыт сақтай алатын ашытқы жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жоба бұл бағытта қолға алынған жұмыстың алғашқыларының қатарында саналады. Жаңа ашытқы арқылы шұбатты 5 айға дейін сақтауға толық мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде бұл өнімге сұраныс артып келеді.
Жас өнертапқыш Еуразия ұлттық университінің биотехнология мамандығын үздік бітірген. Ол қазіргі таңда Алматы технология университетінде магистратурада оқып жүр. Сондай-ақ, ол жоғары біліммен қоса арнайы курстардан өтіп, шұбат өңдеу ісіне әбден маманданып алды. 2016 жылы Шиелі ауданындағы «Ару Ана» кәсіпорнында еңбек жолын бастады. Қазір өңделген түйе сүтінен дәм татқан жергілікті азаматтар оған жоғары бағасын беріп отыр. Жас өнертапқыш өз ісін әлі дамытқысы келеді. Алға қойған мақсаттары баршылық.
«Қазіргі таңда біз сиыр сүтін аэрациялау арқылы қымыз сусынын өндіруді қолға алдық. Аэрациялау - сүт секілді сұйық өнімдерді ауамен қанықтыру процесі мен әдісі. Ұлттық сараптама орталығымен тығыз байланыс орнатып, жаңа жобаға патент алуға ниет танытып отырмыз. Алдағы уақытта сол өніммен тұтынушыларға өз өнімдерімізді ұсынуға ниет жасап отырмыз. Сондай-ақ, сиырдың қаны арқылы мүйізді ірі қараның ауруын анықтайтын ғылыми-тәжірибелік жұмысқа мән беріп жүрміз. Ол арқылы мал ауруын 20 минут ішінде анықтауға болады. Атап айтқанда, малдан аусыл ауруын анықтауда ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жасалды», - дейді Баян Дүйсенбек.
«Ару Ана» кәсіпорны осыдан екі жыл бұрын жұмысын бастады. Қазіргі таңда кәсіпорын тұрғындарды шұбат, айран, сүзбе, қымыз, ірімшік, балмұздақ секілді өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.