ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қала әкімінің өкімімен 2017 жылдың 10 қазанынан бастап Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы 1963 жылы 18 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1985 жылы Алматы архитектура – құрылыс институтын «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ-сауда құрылыс трестінің шебері ретінде бастаған.
1987-1994 жылдары осы мекемеде бас инженер, участке шебері;
1995-1998 жылдары «ШАК» құрылыс басқармасының учаске шебері;
1998-2001 жылдары «Шебер» ЖШС шебері;
2001-2003 жылдары қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің жетекші маманы;
2003-2004 жылдары «Механикаландырылған жұмыс басқармасы» ЖАҚ бас директорының орынбасары;
2005-2006 Қызылорда қалалық жер ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы;
2006-2007 жылдары қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2008-2010 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;
2010-2013 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары;
2013-2014 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;
2014-2016 жылдары «Мұнай Газ Инжиниринг» ЖШС директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2017 жылдың шілде айынан осы кезге дейін Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.